21.05.2022, 10:36
Жаңалықтар
Президент мәдениет және өнер қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
Бүгін Қазақстанның мәдениет және өнер қызметкерлері күні
фото: akorda.kz
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«21 мамыр – Қазақстанның мәдениет және өнер қызметкерлері күні. Ел идеологиясы мен жаңғыруында орны айрықша осы саланың барлық майталманын кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! Сіздерге шығармашылық табыс тілеймін! Бүгін тиісті министрлікке «Қазақстанның халық әртісі» құрметті атағын қайтаруды қолға алу туралы тапсырма бердім», - деп жазды Мемлекет басшысы өзінің Twitter-дегі парақшасында.
Естеріңізге саламыз, бүгін Президенттің Жарлығымен еліміздің мәдениет саласының дамуына үлес қосқан мамандарға «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)
06.10.2026, 21:27
Алматыдағы пәтерлердің бірінен ер адамның денесі табылды
06.10.2026, 20:21
Қайтадан қар жауып, үсік түседі: 7 қазанға ауа райы болжамы
06.10.2026, 22:44
Оба індеті: Ресей ДДСҰ-ға маңызды мәлімдеме жасады