$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматының таулы аудандарында құрылыс жүргізуге тыйым салына ма?

Әкімдікке таудағы жер учаскелерін рекреациялық аймаққа жатқызу мәселесін қарау бойынша ұсыныстар енгізілді

Алматының таулы аудандарында құрылыс жүргізуге тыйым салына ма?
Фото: ашық дереккөзден

Маусым айынан бастап Алматының таулы жерлерінде құрылысқа тыйым салынуы мүмкін, деп хабарлайды LS.

Қаланың мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының ақпараты бойынша, әкімдікке таудағы жер учаскелерін рекреациялық аймаққа жатқызу мәселесін қарау бойынша ұсыныстар енгізілді. Бұл заң жаңа нысандардың құрылысына тыйым салуға мүмкіндік береді.

"Аталған ұсыныстар қолдау тапты. Қала құрылысының бас жоспарына әкімдік тиісті өзгерістер енгізетін болады. 2022 жылдың маусымында оларды бекіту күтіліп отыр", - деп түсіндірді прокуратурада.

Сонымен қатар, Обсерватория көшесінде тұрғын үй құрылысы кезінде алма бақтарын заңсыз кесу фактісі анықталған.

"Табиғатты қорғау прокуратурасының үйлестіруімен Медеу аудандық полиция басқармасы аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, оның барысы бақылауға алынды", - деп қорытындылады прокуратурада.

Бұған дейін хабарланғандай, Алматының бірқатар аудандарында құрылыс кезінде ғимараттардың қабаттылығына шектеу қою көзделіп отыр. Бұл бастама үкіметте қолдау тапты.

Серіктес жаңалықтары