Хабарлама Ақорда сайтында жарияланды
Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының бірінші орынбасарын тағайындалды. Бұл туралы Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Мемлекет басшысының өкімімен Мұрат Қалибекұлы Баймұқашев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды», - делінген Ақорда хабарламасында.