Батыс Алтай қорығында ерекше аң фототұзаққа түсіп қалды

Автор: Azattyq Rýhy

Қорық қызметкерлері бейнекамерадағы көріністі желіде жариялады

Фото: ашық дереккөзден

Шығыс Қазақстан облысындағы Батыс Алтай қорығында сирек кездесетін құну (росомаха) фототұзаққа түсіп қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қорық қызметкерлері бейнекамерадағы көріністі Instagram желісінде жариялады.

Қазақстан аумағында құну өте сирек кездескенімен, Алтай таулы орман тоғайларының жергілікті мекендеушісі. Жабайы жануар әдетте адамдардың көзіне түспеуге тырысып жүреді.  Дегенмен қорық қызметкерлері оны кейде аумақта көріп қалады екен. Кейде тіпті, қоршауға тым жақын келген кездері де болған. Бұл жолы ол камераның алдынан жүгіріп өткен.

«Құну сөзі латын тілінен аударғанда Gulo gulo «қомағай» деген мағана береді. Сусар тұқымдас жыртқыш сүтқоректі. Gulo тектес аңның жалғыз өкілі. Ол өте батыл әрі қауіпті аң», - дейді «Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» РМУ өкілдері.