Балалар жылы аясында ШҚО мектеп оқушыларына қауіпсіздік ережелері үйретілді
Жергілікті атқарушы органдар мен құтқарушылар бірлескен іс-шара өткізді
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылды "балалар жылы" деп жариялау туралы Жарлығына сәйкес Шығыс Қазақстан облысында жергілікті атқарушы органдар мен құтқарушылар бірлескен іс-шара өткізді. Өскемендегі №7 өрт сөндіру бөлімінде жас құтқарушылар мен қаланың өрт сөндіру мектептерінің командалары арасында жарыс өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Балалар қауіпсіздігі – бала тәрбиесінің маңызды бөлігі. Демалыстарды оқыс оқиғасыз өткізу үшін ШҚО құтқарушылары балаларды төтенше жағдайларда өзін-өзі ұстау ережелерін үйретті.
«Бүгін біз өткізіп отырған құтқарушылар мен өрт сөндірушілер турнирі Қазақстандағы балалар жылына арналған. Осы іс-шара арқылы, біз балалардың қауіпсіздігі мәселесіне ата-аналар мен атқарушы билік өкілдері,қоғамның назарын аударғымыз келеді», - деп атап өтті ШҚО білім басқармасының "Дарын" орталығы директорының орынбасары Елена Шимина.
Жарысқа 150-ден астам оқушы қатысты. Балаларға шартты өрт сөндірумен кедергілер жолағынан өту, алғашқы медициналық көмекті сауатты көрсету және қолдан бұйымдар жасау керек болды.
«Балалар жасағының жарыстары 15 жылдан астам уақыт бойы өткізіліп келеді, бірақ биыл олар ерекше сипатқа ие, өйткені 2022 жыл балалар жылы деп жарияланды. Бұл іс-шараға көптеген балалардың қатысқаны өте қуанышты, өйткені оның мақсаты ерте жастан бастап әртүрлі төтенше жағдайларда әрекет ету дағдыларын қалыптастыру болып табылады», - деп атап өтті ТЖ басқармасының аға офицері Валентин Литвиненко.
№ 4 орта мектептің оқушылары барлық кедергілерден жақсы өтті. Ал № 42 мектептің балалары алғашқы көмек көрсету бойынша жақсы білімдерін көрсетті. Қазылар алқасының пікірінше, ең ерекше қолөнер № 35 мектепте болды. Ал балалар әзілмен өрт сөндірушілердің жұмысын көрсетуге келген визит карточкасы № 29 мектепте үздік болды.
«Бүгін алған білімім болашақта маған пайдалы болуы мүмкін. Мысалы, мен суға батып бара жатқан адамға қалай көмектесуге болатынын немесе бірдеңе жанып жатса, өртті қалай сөндіруге болатынын білемін», - деп бөлісті жарысқа қатысушы Базил Али.
Іс-шара соңында қорытынды шығарылып, жеңімпаз командалар марапатталды. Жалпы командалық есепте бірінші орынды №20 мектептің құрама командасы, екінші орынды № 3 мектептің командасы, үшінші орынды № 22 мектептің командасы иеленді. Жеңімпаздар грамоталармен және кубоктармен марапатталды.