$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Прокурорлар 100-ден астам порнографиялық сайтты бұғаттады

Балалардың мүдделеріне қарсы заңсыз әрекеттер жиі тіркелуде

Прокурорлар 100-ден астам порнографиялық сайтты бұғаттады
Фото: ИЗВЕСТИЯ/Сергей Коньков

Прокурорлар балаларды қорғау үшін 100-ден астам тыйым салынған порнографиялық мазмұндағы сайттарды бұғаттады. Бұл туралы Azattyq Rýhy Алматы қаласының прокуратурасына сілтеме жасап хабарлайды.

Соңғы кездері балаларды қорлау және басқа да балалардың мүдделеріне қарсы заңсыз әрекеттер жиі тіркелуде.

Қазіргі уақытта Алматы прокуратурасы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және алдын алу бойынша қосымша тиімді шаралар әзірлей отырып, мәселеге егжей-тегжейлі талдау жүргізуде.

«Қорлау мен сексуалдық әрекеттердің таралуына ықпал ететін триггерлердің бірі балалардың тыйым салынған интернет сайттарына еркін кіруі екені анықталды. Олар жыныстық зорлық-зомбылықты, қатыгездікті, жыныстық белсенділікті ерте жастан насихаттайды.

Осы жылдың өзінде прокурорлар 100-ден астам порнографиялық мазмұндағы сайттарды анықтап, бұғаттау шараларын іске асырды. Қазір бұл жұмыс белсенді түрде жалғасуда.

Бұл жұмысты күшейту үшін уәкілетті органдарға прокурорлық қадағалау актісі енгізілді. Прокуратура тағы да ата-аналарды балаларының виртуалды өмірін үнемі қадағалап, мінез-құлқына назар аударуға шақырады», - делінген ведомство хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары