Қазақстанда темекі қымбаттауы мүмкін
Қаржы министрлігі табак өнімдерінің тарифін шамамен 16 мың теңгеге көтеруді жоспарлап отыр
Қазақстанда темекі тағы 350 теңгеге қымбаттауы мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алкогольге салынатын акциз де өседі. Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, елімізде бұл өнімнің тарифі айтарлықтай жоғары. Дегенмен жаңа келісім дайындалып жатыр. Осылайша 2025 жылға қарай Қазақстандағы акциз мөлшерлемесі Еуразиялық экономикалық одаққа мүше өзге елдермен теңеседі. Бұдан бөлек Үкіметте құрамында қанты бар сусындарға акциз енгізу мәселесі де талқыланып жатыр.
«Үкіметте қантты сусындар туралы шешімге қатысты талқылау жүріп жатыр. Баға бойынша ымыраға келген соң хабарлаймыз, Парламентке келеміз. Мұны тағы да қарастыру керек. Бір жағынан ұлт саулығы, екінші жағынан кәсіпорындар зардап шекпеуге тиіс. Сондықтан таразының үкі ұшын тең ұстау керек. Өйткені темекіден салық төлейтін бизнес өкілдері бар. Бюджет мүддесі деуге де болады. Осының бәрі реттеліп, оңтайлы шешім қабылданады деген ойдамыз», - деді ҚР Премьер-министрінің орынбасары - қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев.