18.05.2022, 22:17
Жаңалықтар
Басы бөлек жатты: Сарқан ауданында қоқыстан 5 жасар баланың мәйіті табылды
Қазір мүрде мәйітханаға сараптама жасалу үшін жіберілген
inform.kz
Алматы облысы Сарқан ауданында бес жастағы баланың мәйіті қоқыстан табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Полицияның ақпаратына сәйкес, баланың мүрдесі Сарқан қаласындағы кірпіш шығаратын зауыттың маңындағы қоқыстан табылған. Бала алдын ала болжам бойынша, 4-5 жаста. Бойы - 90-100 см.
Баланың басы шамамен бес метр жерден табылған. Болжам бойынша, ол қыз бала болуы мүмкін. Қазір мүрде мәйітханаға сараптама жасалу үшін жіберілген.
«Баланың өлі денесі қоқыстан табылғанын растаймын. Сарқан аудандық полициясына бала жоғалды деген шағым түспеген. Бұл іспен полиция айналасып жатыр»,- делінген Сарқан ауданы әкімінің баспасөз қызметінің жауабында.
Көп оқылған
04.11.2026, 17:54
Қуандық пен Сағындық: Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Қозыке әулетінің құпиясын жайып салды (ВИДЕО)
04.11.2026, 16:09
Павлодарда мектеп басшылығы екі оқушы қыздың зорланғаны туралы полицияға хабарлаған
Бүгін, 02:13
Қыздарына барып келе жатқан: ерлі-зайыпты Астана – Петропавл тас жолында жол апатынан қаза тапты
04.11.2026, 15:24
«Полиция формасын хэллоуинге теңеген»: әйел адам әзілдемеймін деп басы дауға қалды (ВИДЕО)
04.11.2026, 16:32
Қайғылы жағдай: Текеліде 11 жастағы қыз баланы экскаватор басып кетті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды