$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Қазгидромет» алдағы жаз мезгіліне арналған ауа райы болжамын жариялады

Жартыжылдыққа арналған маусымдық болжам жылына екі рет жасалады

«Қазгидромет» алдағы жаз мезгіліне арналған ауа райы болжамын жариялады
Фото ашық дереккөзден

Келер жаз, ауа райының тұрақсыз сипаты бар күндермен — нөсер жаңбырлы, найзағайлы және желді, сондай-ақ ашық күндермен сипатталады. Бұл туралы Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Жазғы консультативтік маусымдық болжамға сәйкес, жаздың алғашқы екі айында республиканың батыс жартысында ауа температурасы нормадан жоғары, ал елдің шығыс жартысында — нормаға жақын болады деп болжануда. Тамыз айы салқын болады деп күтілуде — Қазақстанның көптеген облыстарында температуралық фон климаттық норма шегінде болмақ, нормадан жоғары тек Қазақстанның шеткі солтүстігінде ғана болады деп болжанады.

«Маусым айында Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын нормадан аз болады, республиканың солтүстік-шығыс жартысында, елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында жаңбыр жаууы ықтимал. Шілде мен тамыз айларында болса керісінше, елдің көп бөлігінде жауын-шашын болады — климаттық нормаға жақын.

Анықтама: маусымдық ауа райы болжамы, қаралып отырған маусым үшін климаттық шамалардан ауытқу (аномалиялар) түрінде (көпжылдық норма) көрсетілген орташаланған метеорологиялық параметрлердің (ауа температурасы мен жауын-шашын мөлшері) сипаттамасын білдіреді», - делінген хабарламада.

Синоптиктердің хабарлауынша жартыжылдыққа арналған маусымдық болжам жылына екі рет жасалады:

  • 15 қазан суық жартыжылдыққа (қараша-наурыз),
  • 15 наурыз жылы жартыжылдықта (сәуір-қазан).

Маусымдық болжам жылына 4 рет нақтыланады: қыс, көктем, жаз және күзге арналған болжамдар.

  • 15 ақпанда көктемге (наурыз-мамыр);
  • 15 наурызда жылы кезеңге (сәуір-қазан);
  • 15 мамырда жазға (маусым-тамыз);
  • 15 тамызда күзге (қыркүйек-қараша);
  • 15 қазанда суық кезеңге (қараша-наурыз);
  • 15 қарашада қыста (желтоқсан-ақпан).
Серіктес жаңалықтары