Есірткінің трансұлттық арнасын жою кезінде 13 қазақстандық ұсталды

Azattyq Rýhy

Биыл елімізде 1000-ға жуық есірткі қылмысының беті ашылған

Есірткінің трансұлттық арнасын жою кезінде 13 қазақстандық ұсталды
Фото ашық дереккөзден

Есірткінің трансұлттық арнасын жою кезінде 13 қазақстандық ұсталды. Бұл туралы ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының міндетін атқарушы Асқар Мұхаметқалиев мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Биыл елімізде 1000-ға жуық есірткі қылмысының беті ашылған. Алматы, Алтай, Ақтөбе, Атырау, Тараз және Қызылордада 7 есірткі зертханасы жойылған. Құны 9 жарым млн АҚШ долларынан асатын 260 келіден астам дайын есірткі тәркіленді.

«Жақында Қазақстан мен Ресейдің ІІМ екі елдің аумағында синтетикалық есірткіні жеткізудің трансұлттық арнасын жабу бойынша арнайы операцияны аяқтады. Ол өткен жылдың соңынан биылғы жылдың сәуір айы аралығында өткізілді. Омбы мен Таразда бір мезгілде жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде синтетикалық есірткінің Ресейдегі негізгі жөнелтушісі және оларды Қазақстанда қабылдап алушы ұсталды», – деді ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының міндетін атқарушы Асқар Мұхаметқалиев.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.