Қазақстандықтардың басым бөлігі ел iшiнде қай өңірлерге көшіп жатыр

Azattyq Rýhy

Тұрғындардың басым бөлігі Алматыға көшкен 

Қазақстандықтардың басым бөлігі ел iшiнде қай өңірлерге көшіп жатыр
Фото: ашық дереккөзден

2022 жылдың алғашқы үш айында 76,9 мыңнан астам адам Қазақстанның бір өңірінен екіншісіне көшті. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,9%-ға аз, деп хабарлайды Azattyq Rýhy LS агенттігіне сілтеме жасап. 

Тұрғындардың басым бөлігі Алматыға – 16,9 мың (-0,3%), оның ішінде Алматы облысынан – 8372 мың, Жамбыл облысынан – 1731, Түркістан облысынан – 1279, Нұр-Сұлтан қаласынан – 1263, ШҚО – 907, Шымкент қаласынан – 692, Қызылорда облысынан – 610 адам көшіп келді.

Одан әрі Нұр-Сұлтан қаласына, Ақмола облысынан – 3551, Түркістан облысынан – 1671, Қарағанды облысынан – 1597, ШҚО-дан – 1354, Павлодар облысынан – 1131, Алматыдан – 1063, Жамбыл облысынан – 1060 және басқалардан 16,6 мың адам (+1,7%) қоныс аударған.

Танымалдылығы бойынша 2022 жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша үшінші бағыт Алматы облысы болып табылады – 9044 адам (-2,6%): Алматыдан – 4844, Жамбыл облысынан – 841, Түркістан облысынан – 799, ШҚО – 652, Нұр-Сұлтаннан – 462, Шымкенттен – 282.

Өз кезегінде Шымкентке басқа өңірлерден 7768 адам (-38,3%) көшіп келді, оның 5814-і Түркістан облысынан, 611-і Нұр-Сұлтаннан және 325-і Алматыдан.

Сонымен қатар, Түркістан облысы 2022 жылдың алғашқы үш айында басқа өңірлерден 7135 адамды (-8,8%) қабылдады: Шымкенттен – 4240, Нұр-Сұлтаннан – 908, Алматыдан – 480, Алматы облысынан – 356.

Сондай-ақ, Ақмола облысына 4070 тұрғын (+1,7%) көшкен, оның ішінде Нұр- Сұлтаннан – 2286, СҚО-656 және Қарағанды облысынан – 190 тұрғын.

Ал Жамбыл облысына 2478 адам (-17,3%) көшіп келді: Алматыдан – 616, Нұр-Сұлтаннан – 517, Алматы облысынан – 424 және т. б.

Қарағанды облысы 1986 тұрғынмен толықты (-2,2%): Нұр-Сұлтаннан – 663, Түркістан облысынан – 173, Алматыдан – 154.

Басқа аймақтарға келетін болсақ, ШҚО-ға 1658 адам (-14,5%), Қызылорда облысына – 1442 (-19,7%), Маңғыстау облысына – 1424 (-18,9%), Ақтөбе облысына – 1298, Павлодар облысына – 1253 (-4,4%), Қостанай облысына – 1079 (-9,3%), Атырау облысына – 1072 (+4,3%), БҚО-да – 903 (-0,9%) және СҚО-да – 812 (-23,7%).

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.