15.05.2022, 16:58
Жаңалықтар
Маңғыстауда кептелісті айналып өту үшін жол жиегіне шығып кеткен полицейге айыппұл салынды
Айыппұл көлемі – 47 700 теңге
Бейнеден кадр
Маңғыстау облысында кептелісті айналып өту үшін қызметтік көлігімен жол жиегімен жүрген полицейге хаттама толтырылды. Бұл туралы Lada.kz сайты жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Желіде тараған видеодан жүргізушілердің көзінше патрульдік көлік қиылыста жол жиегімен жайбарақат жүріп өтіп, кейін жолға қайта шыққанын көруге болады.
Өңірлік полиция департаменті жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК 596-бабының 1-бөлігі ("Жол жүрiсi қағидаларын бұзып, жаяу жүргiншiлер жолдарымен, жол жиектерiмен немесе тротуарлармен жүру") бойынша хаттама толтырылғанын хабарлады.
Енді тәртіп бұзушы 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 47 700 теңге айыппұл төлейді.
Көп оқылған
27.09.2026, 13:00
Каспийдегі әскери оқу-жаттығу кезіндегі оқиғадан аман қалған әскери қызметшілер марапатталды
27.09.2026, 07:33
27 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болады?
27.09.2026, 08:24
Қазақстандық жеңіл атлет Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды
27.09.2026, 06:08
Азия ойындарының жетінші күнінде Қазақстан бес қола медаль жеңіп алды
27.09.2026, 14:17
Теңізде отырған ана туралы видео Каспийде түсірілмеген
27.09.2026, 12:14
TikTok-та балағат сөздер айтқан екі бойжеткен қамауға алынды (ВИДЕО)