Сабақтар ауа райының нашарлауына байланысты тоқтатылды
Бүгін мектеп оқушылары мен колледж студенттеріне сабақ болмайды, деп хабарлайды Azattyq rýhy тілшісі Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасына сілтеме жасап.
«27.01.2020 жылы ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінің БІРІНШІ және ЕКІНШІ ауысымындағы 0-11 (12) сыныптары оқушылары үшін және колледждің барлық курс студенттері үшін сабақ болмайды», - делінген хабарламада.