$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.01.2020, 16:23
Жаңалықтар

Ауа райы: еліміздің бірнеше облысында ескерту жарияланды

27 қаңтар күні бірнеше облыста бұрқасын болып, тұман түседі

Ауа райы: еліміздің бірнеше облысында ескерту жарияланды
Фото: ашық дереккөзден

Еліміздің бірнеше облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК мәліметіне сілтеме жасап.

27 қаңтар күні Қостанай облысының кей аумағында бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Батыстан жел соғады, жел күші  түнде 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с болады.       

Қостанай қаласында түнде және күндіз бұрқасын болып, батыстан жел соғады, жел күші 15-20 м/с болуы мүмкін.

Маңғыстау облысының кей аумағында тұман күтіледі. Түнде кей тұста көктайғақ болады. Батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с болады.  

Ақтау қаласында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-18 м/с болуы ықтимал.

Қызылорда облысының кей өңірінде көктайғақ, бұрқасын сақталады. Батыс, оңтүстік-батыстан жел соғады, жел күші 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с болады.

Шығыс Қазақстан облысында кей жерінде қар, бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғатын желдің күші 15-20 м/с, екпіні 25 м/с дейін жетеді.

Өскемен қаласында күндіз бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Семей қаласында күндіз бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғатын желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында қар, бұрқасын күтіледі. Кей аумақта көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с болмақ.

Петропавл қаласында қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с болады.

Серіктес жаңалықтары