$ 513  541.16  4.69
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«JASYL EL» еңбек жасақтарына қосылуға өтінім қабылдау басталады

«Жасыл ел» штабы жұмыскерлеріне 64 мың теңге жалақы төленеді

«JASYL EL» еңбек жасақтарына қосылуға өтінім қабылдау басталады
фото: www.gov.kz

Елорданың 14-29 жас аралығындағы жастарын «JASYL EL» студенттік құрылыс және жастар еңбек жасақтары қатарына жұмысқа шақырады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жобаға 14-29 жас аралығындағы жастар қатыса алады.

«Жасыл ел» қатарына бірінші кезекте көпбалалы отбасыдан, әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар, жұмыссыз жастар қабылданады.

«Жасыл ел» штабынан жұмыскерлерге тегін форма, сол сияқты 64 564 теңге көлемінде айлық төленеді.

Жұмыс 1-30 маусым аралығында жүргізіледі. Жұмыс кестесі аптасына 5 күн, күніне 4 сағаттан басталады.

Өтінімдер 2022 жылдың 16 мамырынан бастап 20 мамырға дейін қабылданады. Орындар шектеулі. Оқушы жастар құжаттар мен өтінімді өз оқу орындары бойынша «Жасыл ел» жобасына жауапты ретінде бекітілген арнайы қызметкерге тапсырады.

Қажетті құжаттар тізімі: Баланың жеке куәлік көшірмесі немесе туу туралы куәлік көшірмесі, есеп шот иесінің жеке куәлік көшірмесі, 20 сандық есеп шот туралы анықтама,  әлеуметтік жағдайын растайтын құжат және баладан және заңды өкілінен өтініш.

Биыл жыл сайынғы бөлінетін квотадан бөлек, «Жасыл ел» жобасы аясында 14 пен 29 жас аралығындағы жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар үшін жеке орындар қарастырылған.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Жасыл ел