$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Павлодар облысында ресейлік бес азаматқа шекарадан өтуге тыйым салынды

Өткен тәулікте шекарадан 914 азамат өтті

Павлодар облысында ресейлік бес азаматқа шекарадан өтуге тыйым салынды
Фото: ашық дереккөзден

РФ бес азаматына Павлодар облысының шекарасына өтуге тыйым салынды. Себебі олар ПТР тестілеуінің теріс нәтижесі бар анықтаманы ұсынбаған, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Павлодар облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметі бойынша, соңғы тәулікте автоөткелдерде КВИ расталған жағдайлары анықталған жоқ.

- Өткен тәулікте шекарадан 914 азамат өтті, олардың 117-сі жүргізуші және 797-і жаяу. Жалпы, 2022 жылдың басынан бастап облысқа барлығы 97 021 адам келді, оның ішінде халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер 29 880 және 67 141 жолаушы. Жыл басынан бері ПТР теріс анықтамасы болмаған елдің резиденті емес 1 024 азаматқа ел аумағына өтуіне тыйым салынды, - деді департаментте. 

Облыс аумағында мемлекеттік шекара орналасқан «Үрлітөбе», «Қосақ», «Амангелді», «Шарбақты» 4 автомобильді өткізу бекеттерінде адамдардың кіріп-шығуына бақылау жалғасуда. 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан өткен сәтте ПТР әдісімен COVID-19 тестінен өткені туралы анықтаманы немесе Қазақстан Республикасында ревакцинацияны немесе COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алғанын құжаттық растауды ұсынуы керек. 

Жоғарыда аталған құжаттары жоқ азаматтар Қазақстан Республикасының аумағына жіберілмейді.

Қазақстан аумағына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан, сондай-ақ Әзірбайжан, Молдова, Тәжікстан және Өзбекстан  елдерінің аумағынан кіретін адамдар анықтаманы, соның ішінде «COVID-19-сыз саяхаттаймын» мобильді қосымшасы арқылы анықтаманы көрсетулері керек.

Дене қызуы жоғары болып келген адамдар анықтаманың болғанына қарамастан, инфекциялық стационарда оқшаулануға жатады.

Серіктес жаңалықтары