Жол апатынан 5 адам зардап шекті
Баянауыл ауданында жол апатына түскен бес адам қолхат жазып, ауруханадан шықты, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
1986 жылы туған әйел адам, 2000 жылы туған бойжеткен, 2005 жылы туған ұл бала №1 қалалық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.
«Сондай-ақ 1986 жылы туған ер адам №1 қалалық аурухананың нейрохирургия бөлімінде ем алып жатыр. Жағдайы орташа ауыр», - делінген басқарма таратқан хабарламада.