$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ елдерінің саммитіне қатысады

Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысы 16 мамырда Кремльде өтеді

 
Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ елдерінің саммитіне қатысады
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ елдерінің саммитіне қатысады. Бұл туралы Ұйымның Парламенттік ассамблеясының баспасөз қызметі жария етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысы ұжымдық қауіпсіздік шартына қол қойылғанына 30 жыл және ҰҚШҰ құрылғанына 20 жыл толуына орай 16 мамырда Кремльде өтеді.

 Жиынға Армения премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров, Ресей президенті Владимир Путин және Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон қатысады.

Сондай-ақ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына ҰҚШҰ Бас хатшысы Станислав Зась та қатысады. 

«ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің мүшелері ұйымның жауапкершілік аймағындағы жағдайды, оның даму перспективаларын талқылап, ҰҚШҰ-ның мерейтойына арнап мәлімдеме қабылдайды», - делінген ҰҚШҰ хабарламасында.

2022 жылы ҰҚШҰ-ға Армения Республикасы төрағалық етіп жатыр.

Серіктес жаңалықтары