Елімізде сәуір айында үй алушылар саны азайды – Ұлттық статистика бюросы
Көппәтерлі үйлердегі екі бөлмелі пәтерлер сұранысқа ие
Осы жылдың сәуір айындағы көрсеткіш бойынша тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 52 520 мәміле тіркелді. Бұл наурыз айымен (67 801) салыстырғанда 22,5%-ға аз, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Сатып алудың ең көп саны Қарағанды облысында – 8 898, одан кейін Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында, тиісінше 6 583 және 5 900 шарт.
«Наурыз айында да дәл осы үш аймақ тұрғын үй нарығының саудасында көш бастаған болатын. Мәміле саны ең аз болған өңір – Солтүстік Қазақстан облысы, 958. Қазақстандықтарды көбіне көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй қызықтырған, барлығы – 38 149 мәміле.
Көппәтерлі үйлердегі бөлмелер саны тұрғысынан екі бөлмелі пәтерлер сұранысқа ие. Сәуірде 15 мыңнан астам 2-бөлмелі пәтер рәсімделді, ал 1-бөлмелісі одан сәл аз – 13 мың.
Жеке үйлер бойынша 14 371 мәміле рәсімделді. Жер үйлерді негізінен Алматы, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарының тұрғындарды құп көрген. 2022 жылғы сәуірде тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны өткен жылдың тиісті айымен салыстырғанда 12% кеміді.
Тұрғын үй нарығындағы мәмілелердің өткен жылғы сәуірмен салыстырғанда ең көп азаюы Маңғыстау облысында тіркелді – 48,9%», - делінген хабарламада.