$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

673 интернет-ресурс пен сілтемелерді таратуға шектеу қойылды

Олардың көбі ойын бизнесін жарнамалаған

673 интернет-ресурс пен сілтемелерді таратуға шектеу қойылды
фото: www.gov.kz

Елімізде 673 интернет-ресурс пен сілтемелерді таратуға шектеу қойылды, деп хабарлайды Азаттық рухы.

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау тұрғысынан әлеуметтік медианы қоса алғанда, ақпараттық алаңға тұрақты негізде мониторинг жүргізеді.

Мониторингте республикалық және өңірлік баспа БАҚ, телеарналар, отандық және шетелдік интернет-ресурстар қамтылған.

2022 жылғы 1-30 сәуір аралығында «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 41-1 бабының 1-1 тармағына сәйкес уәкілетті органның ұйғарымымен 673 интернет-ресурстар мен сілтемелерді таратуға шектеу қойылды.

Олардың ішінде экстремизмді насихаттау – 5; порнографияны тарату – 133; есірткі, психотроптық заттарды, олардың аналогтары мен прекурсорларын насихаттау – 20; ойын бизнесі – 272; жарнама – 24; әкімшілік құқық бұзушылық – 4; алаяқтық – 197; баланың денсаулығына, адамгершілік және рухани дамуына зиян келтіретін ақпаратты орналастыру – 18 интернет-ресурс пен сілтеме бар.

Серіктес жаңалықтары