$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«AMANAT» партиясының мүшелері: Референдум – жаңа қоғамдық келісім

Депутаттар алдағы референдум туралы ойларын ортаға салды

«AMANAT» партиясының мүшелері: Референдум – жаңа қоғамдық келісім
фото «AMANAT» партиясынынан

Мәжіліс депутаттары – «AMANAT» фракциясының мүшелері мен сарапшылар партияның баспасөз орталығында өткен брифинг барысында Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша референдумның маңыздылығы туралы ойларын ортаға салды, деп хабарлайды Азаттық рухы.

Фракция мүшесі Саясат Нұрбек референдумның басты мақсаты азаматтардың мемлекетті басқару үдерісіндегі рөлін күшейту болғандықтан, халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының маңыздылығына тоқталды.

Өз кезегінде Қазақстандық қоғамдық даму институтының басқарма төрағасы Қазбек Майгелдинов азаматтар үшін Конституциялық сотқа тікелей жүгінудің жаңа мүмкіндіктері  бар екенін алға артты. Сондай-ақ, оның заңнамалық қайшылықтарды шешуге және өз мүдделерін қорғауға мүмкіндік беретінін атап өтті.

«Азаматтар әртүрлі сатыдағы соттар әділетсіз үкім шығарады деп санайтын кездер аз емес. Ал референдумнан кейін олар үлкен заңды күшке ие Конституциялық сотқа жүгіне алады», деп атап өтті саясаттанушы.

«AMANAT» партиясы Қоғамдық саясат институтының директоры Мадина Нұрғалиеваның айтуынша, жуырда жүргізілген әлеуметтік зерттеу нәтижелері бойынша респонденттердің 78%-ы қоғамда өзгерістерге деген сұраныс бар деп есептейді.

«Референдум – бұл жаңа әлеуметтік келісім жасау үшін берілген жауап. Қазір азаматтарға ойын ашық жеткізуді үйренетін уақыт келді. Ал алдағы референдум оларға өз пікірін білдіруге мүмкіндік береді. Халық саяси шешімдер қабылдау процесіне көбірек көңіл бөлуде. Мұны кандидаттардың басым көпшілігі өзін-өзі ұсынған ауыл әкімдерінің сайлауынан да байқауға болады. Яғни, мұның бәрі біздің азаматтық санамыздың өсіп, саяси мәдениетіміздің арта түскенін көрсетеді. Бұл үрдіс одан әрі жалғасады», деді Мәдина Нұрғалиева.

Баспасөз конференциясы барысында Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Лаззат Рамазанова соңғы жылдары Қазақстанда азаматтық қоғамның белсенділігі айтарлықтай артқанын, оған жақында  өткен партиялық праймериз дәлел екенін атап өтті.

«Көптеген мемлекеттер билікті орталықтандыру жолымен жүріп келеді. Ал Қазақстан демократияландыруға бетбұрып отыр. Бұған дейін толықтай Президентке берілген біздегі билік, енді орталықсыздандырылып, азаматтық қоғамға, демократиялық қоғамға аяқ басады. Бұл кез келген мемлекет үшін өте маңызды сынақ», деді депутат.

Серіктес жаңалықтары