Түркістанда бір жасар сәби дәретхананың құдығына түсіп кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Құтқару жұмысына облыстық ТЖД-ның 5 қызметкері жұмылдырылды

Түркістан облысындағы Қазығұрт ауданында 2021 жылы туған сәби көшедегі дәретхананың құдығына түсіп кетті. Бұл туралы Azattyq Rýhy Elitar.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Сәбиді 4 метр тереңдіктен шығарып алу жұмысына облыстық ТЖД-ның 5 қызметкері, 2 полицей, 3 дәрігер атсалысты.

Сағат 15: 03-те құтқарушылар құтқару арқанының көмегімен баланы шығарып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды. Өз кезегінде ақхалаттылар сәбиді тексеріп, денсаулығына төніп тұрған қауіп болмаған соң үйіне жіберді.