Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияның Ұлттық кітапханасына бірнеше кітапты сыйға тартты

Azattyq Rýhy

Мұнда тарихта болған 16 түркі мемлекетіне арнап жазылған еңбектер бар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияның Ұлттық кітапханасына бірнеше кітапты сыйға тартты

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Республикасының Президенттік Ұлттық кітапханасына барды. Бұл туралы Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекет басшысына, ең алдымен, ескі қолжазбалар мен сирек кездесетін кітаптар бөлімі таныстырылды. Бұл бөлімде құнды зерттеулер мен құжаттарды қамтитын ғылыми кітаптар сақталған.

Бұдан кейін Қазақстан Президентіне Жиханнума залы (Cihannuma Hall) көрсетілді. Бұл жерде 100-ден астам елден әкелінген және 134 тілде жазылған шығармалар оқырман назарына ұсынылады. Сонымен қатар мұнда тарихта болған 16 түркі мемлекетіне арнап жазылған еңбектер бар.

Мемлекет басшысы көне түркі мемлекеттері заманын, Алтын орда және Тәуелсіздік кезеңдерін қамтитын бірнеше кітапты кітапхана қорына сыйға тартты.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.