Үш жасар бүлдіршіннің қасында ешкім болмаған
Бүгін ТЖ бірінші вице-министрі генерал-лейтенант Ибрагим Күлшімбаев Нұр-Сұлтанда үш жасар бүлдіршінді құтқарып қалған батыр азамат Сәбит Шонтақбаевты «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісімен марапаттады. Бұл туралы Azattyq Rýhy ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
«11 мамыр күні сағат 10.21-де Ұлы Дала көшесі 27/1 бойында 8-қабат деңгейінде баланың терезеде ілініп тұрғаны туралы хабарлама келіп түсті. Шақырту орнына жеке құрамнан 7 адам және 2 бірлік техникадан тұратын Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД бөлімшелері жедел жіберілді.
Келген кезде сегізінші қабаттағы балконның карнизіне ілінген баланы ер адам құтқарғаны анықталды», - делінген ТЖМ хабарламасында.
«2019 жылы туған қыздың үйінде ешкім болмаған. Қуантарлығы, біздің кейіпкеріміз 1985 жылы туған Сәбит Шонтақбаев жылап тұрған баланы көріп, ойланбастан өз өміріне қауіп төндіре отырып, санаулы секундтарда кішкентай қыздың өмірін сақтап қалды.
Құрметті ата-аналар, бұл бала аман-есен құтқарылған сәтті оқиға, бірақ қайғылы нәтиже беретін көптеген фактілер бар.
Балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмаңыз! Егер үйде кішкентай бала болса, терезелерді ашық қалдырмаңыз, өйткені бұл баланың өміріндегі соңғы сәт болуы мүмкін немесе жарақаттауы мүмкін», - деп хабарлайды министрлік.