$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Тоқаев түрік кәсіпкерлерінің Қазақстандағы ірі инвестициялық жобаларымен танысты

Мемлекет басшысы Түркия Республикасының ірі компаниялары басшыларымен кездесулер өткізді

Тоқаев түрік кәсіпкерлерінің Қазақстандағы ірі инвестициялық жобаларымен танысты
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркияға мемлекеттік сапарының екінші күні түрік кәсіпкерлерінің Қазақстанда іске асырып жатқан ірі инвестициялық жобаларымен танысудан басталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Арнайы ұйымдастырылған көрмеде Қазақстанның Түркиядағы елшісі Еркебұлан Сәпиев Мемлекет басшысына бірлескен жобалар туралы айтты.

«Президентке кальций қосылған сода өндіретін Yildirim Group, геологиялық барлау бойынша Eczacıbaşı Holdıng, медициналық және респираторлық бетперделер шығаратын MFA Maske, желатин өндіретін Iskefe Holdıng, агроөнеркәсіп тауарларын өндіруші Tiryaki Holding, құрылыс материалдарын, медициналық жабдықтар мен жиһаз өндіретін YDA Group, Алматы қаласындағы әуежайда жаңа халықаралық терминалдың құрылысын жүргізіп жатқан TAV Havalimanlari Holding, сауда орталығының құрылысын жүргізіп жатқан Kayatürk Group, агроөнеркәсіп өнімдерін өндіретін Koç Holdıng, фармацевтикалық өнімдерді өндіретін Atabay Kımya Sanayı Ve Tıcaret AS, сэндвич панельдерді өндіретін Panelsan, қағаз өнімдерін өндіретін Isıklar, геологиялық барлау және агроөнімдерді өндіретін Çalık Holdıng, жеміс-көкөніс өнімдерін өндіретін Goknur Gida компанияларының жобалары таныстырылды». – делінген хабарламада.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Республикасының ірі компаниялары басшыларымен кездесулер өткізді. Мемлекет басшысы Түркияның бірқатар кәсіпкерімен жеке-жеке кездесті.

Олардың арасында «Yildirim Holding» президенті Роберт Юксель Йылдырым, «TAV Havalimanları Holding» басқарма мүшесі Сани Шенер, «Goknur Gida» басқарма төрағасы Осман Асланали, «Sembol» компаниясының басқарма мүшесі Феттах Таминдже және «Koç Holding» компаниясының басқарма мүшесі Али Коч бар.

«Кездесулерде түрік бизнесмендерінің Қазақстандағы жобалары мен алдағы уақытта іске асырылатын бастамалары туралы сөз болды. Аталған іскер топтардың елімізге салынған инвестициялары химия, ауыл шаруашылығы, құрылыс салаларын қамтиды», - делінген хабарламада.

Мемлекет басшысы олардың елімізге салған инвестицияларына қолдау көрсетілетінін айтты.

Серіктес жаңалықтары