Қазақстанда бір тәулікте қанша адамнан COVID-19 вирусы анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Елімізде өткен тәулікте 5 адам COVID-19 вирусынан емделіп шықты

 
aa.com.tr

Қазақстанда өткен тәулікте 4 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР арқылы расталды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.  

Атап айтқанда:

Нұр-Сұлтан қаласы - 1
Алматы қаласы - 2
Солтүстік Қазақстан облысы - 1.

Жалпы еліміз бойынша COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 1 305 607 адамға жетті. 

Сондай-ақ елімізде өткен тәулікте 5 адам коронавирус вирусынан емделіп шықты.

Аймақтар бойынша атап айтқанда:

Нұр-Сұлтан қаласы - 2
Алматы қаласы - 3.

Республика бойынша COVID-19 вирусынан жазылғандар саны 1 291 455 адамға жетті.