«Найзағай, бұршақ және шаңды дауыл»: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Автор: Azattyq Rýhy

Елдің солтүстігінде және орталығында кейде қатты жаңбыр жауады

Фото ашық дереккөзден

Қазақстан бойынша 2022 жылдың 12-14 мамырына арналған ауа райы болжамы жарияланды. Бұл туралы Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Синоптиктердің хабарлауынша батыс циклонның шұңқырымен және атмосфералық фронтальді бөліктердің өтуімен республиканың көп бөлігінде жаңбыр жауады.

«Батыста, солтүстік-батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, 14 мамырға жақын — елдің солтүстігінде және орталығында кейде қатты жаңбыр жауады. Елімізде найзағай, бұршақ, дауыл, желдің күшеюі, ал оңтүстік-батыста, оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.