Еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Бірқатар өңірде найзағай ойнап, шаңды дауыл соғады

"Қазгидромет" РМК 10 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Маңғыстау облысының солтүстігінде қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, солтүстік-шығысында шаңды дауыл күтіледі. Батыстан жел соғады, өңірдің оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, орталығында күші 17-22 м/с, екпіні 25 м/с күтіледі.
Нұр-Сұлтан қаласында күннің екінші жартысында найзағай ойнайды. Күндіз шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан жел соғып, түнде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, екпіні 25 м/с дейін жетуі мүмкін.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с болады деп күтілуде. Сондай-ақ өңірдік оңтүстігі мен батысында найзағай ойнап, шаңды дауыл соғады.
Ақмола облысының оңтүстігінде, батысында найзағай, шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, солтүстік-батысында екпіні 23-28 м/с, 30 м/с асады деп болжануда.
Атырау облысының шығысында қатты жаңбыр жауады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, орталығында, шығысында екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, күндіз шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстігінде найзағай ойнайды. Желдің бағыты шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың орталығында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с жетеді.
Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде, күндіз басым бөлігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с жетуі мүмкін.