Батыс Қазақстанда бірқатар елді мекенге қазақша атау берілді

Azattyq Rýhy

Қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

Фото ашық дереккөзден

Батыс Қазақстан облысында төрт округ пен сегіз елді мекенге қазақша атау берілді. Бұл туралы Azattyq Rýhy «Әділет» ҚР Нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 11–бабының 4) тармақшасына сәйкес, облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 28 сәуірдегі қорытындысы негізінде, халықтың пікірі ескеріле отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Батыс Қазақстан облысының келесі әкімшілік-аумақтық бірліктері:

Бәйтерек ауданы бойынша:

  • Краснов ауылдық округі – Бейбітшілік ауылдық округіне;
  • Краснов ауылдық округінің Погодаев ауылы – Бейбітшілік ауылына;
  • Краснов ауылдық округінің Котельников ауылы – Сырым батыр ауылына;
  • Железнов ауылдық округі – Атамекен ауылдық округіне;
  • Железнов ауылдық округінің Железнов ауылы – Атамекен ауылына;
  • Железнов ауылдық округінің Новенький ауылы – Қайнар ауылына;
  • Чеботарев ауылдық округі – Құрманғазы ауылдық округіне;
  • Чеботарев ауылдық округінің Чеботарев ауылы – Құрманғазы ауылына;
  • Чеботарев ауылдық округінің Хамин ауылы – Аманат ауылына;
  • Шалғай ауылдық округінің Карпово ауылы – Тыңдала ауылына;
  • Теректі ауданы бойынша:
  • Федоровка ауылдық округі – Теректі ауылдық округіне;
  • Федоровка ауылдық округінің Федоровка ауылы – Теректі ауылына қайта аталсын.

2. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.