$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

ШҚО-да ардагерлер мен тыл ардагерлеріне құрмет көрсетілді

Өңірдегі 42 майдангерге 1 млн 500 мың теңгеден табысталды

ШҚО-да ардагерлер мен тыл ардагерлеріне құрмет көрсетілді

Шығыс Қазақстан облысында Жеңістің 77 жылдығына арналған іс-шаралар өтті. Облыс әкімі Даниал Ахметов "Мәңгілік алау" монументіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Өңірде ҰОС ардагерлеріне құрмет көрсету, ерліктерін ұлықтау, еске алу іс-шаралары бірнеше күн бұрын басталған болатын. Мереке қарсаңында Кеңес заманында бірнеше рет Батыр атағына ұсынылған қазақстандықтар ел Президенті Қ.Тоқаевтың Жарлығымен қайтыс болғаннан кейін ең жоғары мемлекеттік наградамен марапатталды. Олардың арасында 1934 жылы Зырян аудандық әскери комиссариатымен Қызыл әскерге шақырылған Александр Несмеянов та бар. Ол Кеңес Одағының Батыры атағына үш рет ұсынылып, бірақ әртүрлі себептермен марапаттар берілмеген еді.

 Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Жарлығымен 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін жоғары дәрежелі "Халық қаһарманы" атағы беріліп, жауынгерлік ерліктері үшін «Алтын жұлдыз» және "Отан" ордені марапатталған, ШҚО Жарма ауданының тумасы, 8-ші гвардиялық атқыштар полкі 302-ші гвардиялық атқыштар ротасының мергені Төлеуғали Әбдібековке берілді.

Бұл Қазақстанның батырларға деген ерекше құрметін көрсетеді. ҰОС бір жарым миллионнан астам қазақстандық жауға қарсы шайқасып,  610 мың отандасымыз  майдан даласында қаза тапты. Соғысқа аттанғандардың тең жартысы қайтпады.

 Ерліктің үлгісі болған жандарды аймақ басшысы Даниал Ахметов мерекемен құттықтап, Риддер қаласындағы ардагер Павел Прокофьевич Альбоханың шаңырағында болды. Павел Прокофьевич жас сержант - ұшақтардағы байланыс радиожабдығы механигі болған. "Жауынгерлік еңбегі үшін" және "Германияны жеңгені үшін"медальдары бар.

Сонымен қатар  Семейде облыс әкімі тыл еңбеккері Рашид Хасановты және ардагерлер Матвей Юрченко мен Асқар Рахимбаевты құттықтады. Ал Өскемен қаласында Литва және Беларусь республикаларын азат етуге қатысқан Құрмат Рахимовқа барып, ардагерге құрмет көрсетсе, 17 жасында қан майданға аттанған  және Неміс-Литва бандаларын жоюға қатысқан ардагер Степан Мишиннің шаңырағында болып, мерекемен құттықтады.

Жақында ғасыр тойын атап өткен тыл еңбеккері Анна Лабкова мен Масара Нұрғазина да назардан тыс қалмады.

Бүгінде  олардың барлығына 1 млн 500 мың теңгеден, сондай-ақ сыйлықтар мен тұрмыстық техникалар табыс етілді.

"Бейбіт күнде өмір сүруіміз үшін әзиз жанын аямай, жаумен соғысқан ардагерлерге қолдау, көмек көрсету біздің қасиетті парызымыз. Жеңіс күні-әрбір отбасына қатысты мереке. Майдан даласында соғысып, тылда жұмыс істегендердің бәрінің ерлігі ерең, ешқашан ұмытылмайды. Біздің ардагерлеріміздің батылдығы, табандылығы, еңбекқорлығы мен патриотизмі - қазіргі жастар үшін лайықты үлгі. Осы мереке күні оларға денсаулық пен ұзақ ғұмыр тілеймін! Барлық шығысқазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтаймын, әр отбасында бейбітшілік, келісім және амандық болсын", - деді облыс әкімі Даниал Ахметов.

Еске сала кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен ШҚО-да ҰОС 42 қатысушысы мен мүгедектеріне 1,5 млн.теңгеден табысталды.  10 754 ардагер, оларға теңестірілген азаматтар және еңбек ардагерлері үшін төлемдердің жалпы сомасы 630 500 мың теңгені құрайды. Сондай-ақ, облыс әкімдігі марапатталған тыл еңбеккерлеріне, ҰОС қатысушылары мен мүгедектерінің жесірлеріне, концлагерьлердің бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқындарына, блокада кезінде жұмыс істеген адамдарға және Кеңес Армиясының ерікті жалдама құрамына 100 мың теңгеден төлеуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар, тыл еңбеккерлері 50 мың теңгеден алды. 

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#ШҚО #Жеңіс күні