Аңыз адам Асанәлі Әшімов 85 жылдық мерейтойын атап өтуде
Алматы әкімі Асанәлі Әшімовке ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауын жеткізді

Бүгін театр және кино актері әрі режиссері Асанәлі Әшімов 85 жылдық мерейтойын атап өтуде. Кеңес және Қазақстан киносының аңызын Ерболат Досаев құттықтады. Қала басшысы ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауын жеткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қала әкімі әртістің театр өнері мен кинематографияның дамуына қосқан зор үлесін атап өтіп, оған ұзақ ғұмыр тіледі.
"Сіз отандық кино тарихында ерекше орын аласыз. Бүгінде өнер саласындағы бастамалар мен жобаларды қолдап, насихаттап, жастарға бағыт-бағдар беріп, шетелде еліміздің абыройын асқақтатып жатырсыздар», – деді Ерболат Досаев.
Асанәлі Әшімов "Қыз Жібек", "Атаманның ақыры", "Транссібір экспресі", "Жаушы" және т.б. фильмдерде ең жарқын және есте қаларлық рөлдерді сомдады.