Сенатор Тіл білімі институтының ғалымдарымен кездесті
Депутат көтерілген мәселелер Сенат комитетінің жұмыс отырыстарының қарауына шығарылатынын айтты
Сенатор Ләззат Сүлеймен Ахмет Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының ғалымдарымен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Депутат кездесу барысында институт ғалымдарының жұмысын жоғары бағалады және мемлекеттік тілді дамытуға қосқан үлесі үшін бүкіл ұжымға алғыс айтты. Сенатор институт активімен бірге Конституцияға енгізілетін түзетулер бойынша алдағы референдумды да талқылады.
«Еліміздің болашағы үшін алдағы референдумның маңызы зор. Азаматтар осылайша конституциялық реформаны жүзеге асыруға тікелей қатысып, болашақтағы жаңа Қазақстан үшін дауыс бере алады. Ұсынылып отырған түзетулер бойынша өз пікірін білдіру үшін қазақстандықтардың басым бөлігі сайлау учкелеріне келеді деп сенемін», – деді сенатор.
Кездесуге қатысушылар сондай-ақ білім беру саласының өзекті мәселелері туралы, атап айтқанда, Қазақстанда рухани мәдениетті дамыту жөнінде ұсыныстар айтты.
Кездесу барысында сенатордың сапары оқытушылар құрамының бастамаларын ілгерілетудегі маңызды қадам болып табылатыны айтылды. Ләззат Сүлеймен ғалымдар көтерген проблемалық мәселелер жан-жақты зерттеліп, кейіннен Сенат комитетінің жұмыс отырыстарының қарауына шығарылатынын атап өтті.