$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Президент ерлікпен қаза тапқан үш майдангерге «Халық қаһарманы» атағын берді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жарлыққа қол қойды

Президент ерлікпен қаза тапқан үш майдангерге «Халық қаһарманы» атағын берді
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Екінші дүниежүзі соғысында ерлік көрсеткен үш майдангер марапатталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі мен қаһармандығы үшін жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын» - делінген Жарлықта.

Атап айтқанда:

- 8-ші гвардиялық Қызылтулы атқыштар дивизиясы 302-ші гвардия атқыштар полкі 2-ші атқыштар ротасының мергені Әбдібеков Төлеуғали     Насырханұлы (марқұм);

-  126-шы Горловка Қызылтулы атқыштар дивизиясы 690-шы атқыштар полкі 1-ші атқыштар батальонының командирі Несмиянов Александр Александрович (марқұм);

- 100-ші бөлек атқыштар бригадасы атқыштар батальоны 2-ші бөлімшесінің мергені-бақылаушысы Сүлейменов Ыбырайым (марқұм) наградталды.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Серіктес жаңалықтары