Синоптиктер 6 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады

Azattyq Rýhy

Бүгін еліміздің батыс аумағында қатты жаңбыр жауады

Фото: tengrinews.kz

Синоптиктер 6 мамырға арналған ауа райы болжамын жасап, Қазақстан аумағында болатын метеорологиялық құбылыстар туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.  

«Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты ҚР басым бөлігінде жаңбыр, еліміздің батысында қатты жаңбыр жауады. Республика бойынша кей жерлерде найзағай ойнап, жел күшейеді, оңтүстік-шығыста, батыста – бұршақ, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста – дауыл, оңтүстік-батыста – шаңды дауыл болады», - делінген «Қазгидромет» РМК баспасөз хабарламасында.

Күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында дауыл, таулы асуларында жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында бұршақ болып, дауыл соғады.

Атырау облысында, Алматы облысының оңтүстік-шығысында, таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, күндіз Павлодар, Қарағанды облыстарының батысында, солтүстігінде, орталығында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, шығысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, батысында, орталығында бұршақ жауып, күндіз облыстың оңтүстігінде шаңды дауыл соғып, облыстың басым бөлігінде жел күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Түнде Қостанай облысының солтүстігінде жел 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді.

Таңертең және күндіз Ақмола облысында жел күші 15-20, облыстың солтүстігі мен шығысында екпіні 25 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысында желдің екпіні 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында, Павлодар облысының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

 
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.