Шымкентте тротуарда тұрған екі оқушыны көлік қағып кетті

Azattyq Rýhy

Бастауыш сынып оқушылары балалар ауруханасына жеткізілді

Шымкентте тротуарда тұрған екі оқушыны көлік қағып кетті
otyrar.kz

Шымкентте Hyundai жүргізушісі тротуарға шығып кетіп екі оқушы қызды қақты. Олар түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Жүргізуші әйел басқа көлікпен соқтығыспауға тырысып, тротуарға шығып кеткені белгілі болды. Осы кезде қиылыста екі оқушы бағдаршамның жасыл сигналын күтіп тұрған. Оқиға 5 мамыр таңертең әл-Фараби көшесіндегі алтыншы емхананың алдында болған.

Көлік қыздарды қағып кетіп, бағанаға соғылған. Бастауыш сынып оқушылары балалар ауруханасына жеткізілді.

Жүргізушіге қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 610-бабының 2-бөлігіне сәйкес ("Көлiк жүргiзушiлерінiң жол жүрісі ережесін бұзуы адамдардың денсаулығына зиян келтiруге алып келуі") хаттама толтырылған. Екі көлік те айып тұрағына қойылды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.