$ 535.99  626.36  6.64
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Ақшаңды екі есе көбейтіп беремін»: Алматыда 26 жастағы алаяқ әйел ұсталды

Ол бір «клиенттен» 7 миллионнан 20 миллион теңгеге дейін алған

«Ақшаңды екі есе көбейтіп беремін»: Алматыда 26 жастағы алаяқ әйел ұсталды
Фото ашық дереккөзден

Алдау және сенімге қиянат жасау арқылы қайта-қайта, бөтеннің мүлкін аса ірі көлемде ұрлау.  Түркістан облысының 26 ​​жастағы тұрғынының әрекеті осылайша айыпталуда. Бұл туралы Azattyq Rýhy Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Қазіргі таңда 10 алдау дерегі тіркелді. Біздің мәлімет бойынша, А. есімді азаматша шетелдік компанияға ақша салып, қаражатты екі есеге көбейтемін деп алдап, халықты алдаған. Ақшаны алғаннан кейін әйел адам жасырынып қалған. ҚР ҚПК-тің 128-бабына сәйкес жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында, ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасады деген күдікпен 1996 жылы туған А. есімді азаматша ұсталды.

Белгілі болғандай, ол бір «клиенттен» 7 миллионнан 20 миллион теңгеге дейін алған», - дейді, Әуезов аудандық Полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Ұлан Әбілқайыр.

Серіктес жаңалықтары