60 жастағы азамат оқиға орнында көз жұмды
Қостанай қаласында ер адам автобустың астында қалып қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға қаладағы КСК шағын ауданында болған. Автобус жүргізушісі 60 жастағы қала тұрғынын басып кеткен. Ер азамат ауыр жарақаттан оқиға орнында көз жұмды.
«Қостанай қаласы полиция басқармасы «Солтүстік» бөлімінің қызметкерлері №13 автобус жүргізушісіне қатысты іс қозғады», - дейді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.
Қазір осы факт бойынша тергеу басталды, жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталуда.