ШұғылҚазақстанда бір тәулікте 820 адам коронавирус жұқтырған

Ухань қаласындағы қазақстандық студенттер эвакуацияланбайды - СІМ

Ухань қаласында 230 қазақстандық студент тіркелген

Фото: ашық дереккөзден

Ухань қаласында қалған 98 қазақстандық студент эвакуацияланбайды. Бұл туралы СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, қала карантинге жабылған. Сондықтан қалаға ешкімді кіргізбейді және сыртқа жібермейді. Елімізде аталған вирусты жұқтыру дерегі тіркелген жоқ. 

«Ухань қаласында 230 қазақстандық студент тіркелген. Бүгінгі таңда қалада 98 студент қалып отыр. Қалғандары демалыс басталғаннан бастап Қазақстанға және басқа елдерге аттанды. Ухань қаласындағы студенттермен біздің дипломаттар байланыс орнатты. Танымал мессенджерлер арқылы біздің студенттеріміз қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайлардағы сақтық шаралары мен тәртіп ережелері туралы хабардар етілді. Біздің студенттер бар жоғары оқу орындарының басшылығымен жұмыс байланыстары бар», - дейді ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Қытайдағы қазақ студенттері дереу эвакуациялауды сұрап жатқанын жазған едік.