$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Павлодарда жұмысшының бетіне ыстық битум бар шелек аударылды

Аталмыш фактіге қатысты тергеу ұйымдастырылуда

Павлодарда жұмысшының бетіне ыстық битум бар шелек аударылды
pavlodarnews.kz

Павлодарда жұмысшының бетіне ыстық битум бар шелек аударылды. Ер адам күйік шалып, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

 Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 3 мамыр күні сағат 10.35-те ЖШС-нің бірінің 36 жастағы жұмысшысы Нұрмағамбетов - Минин көшелерінің қиылысында жол жұмыстарын жүргізу кезінде ыстық битумы бар шелекті аударып, бір тамшысы бетіне тамып кеткен.

«37 жастағы ер адамның бетін 1-2 % термиялық күйік шалды. Күйік шалған аумақ 2-3% құрайды. Жағдайы қанағаттанарлық. Ем қабылдауда», - деді денсаулық сақтау басқармасында.

Облыстық еңбек басқармасында жұмыс берушіге хабарлама жіберілгенін мәлімдеді.

Аталмыш фактіге қатысты тергеу ұйымдастырылуда.
 

Серіктес жаңалықтары