$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Атырауда бір күнде із-түзсіз жоғалған 6 бала табылды

Белгілі болғандай, жоғалған балалар ата-ана қарауынсыз қалған

Атырауда бір күнде із-түзсіз жоғалған 6 бала табылды
Фото ашық дереккөзден

Атырауда бір күнде із-түзсіз жоғалған 6 бала табылды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Департамент мәліметінше, тәртіп сақшылары барлық баланы сол күні тауып, үйіне қайтарған.

«Атырау қалалық полиция басқармасының кезекші операторына 1 мамырда жасөспірімдердің, соның ішінде балалардың тұрғылықты мекенжайынан белгісіз бағытқа шығып кетіп, хабар-ошарсыз жоғалу дерегімен 6 хабар түсті. Мәселен, 38 жастағы әйел сағат 17:00 шамасында полицияның 102 арнасына 4 жасар ұлының жоғалғаны туралы хабар берген. Полиция қызметкерлері жоғалған баланы жедел іздестіру іс-шарасын жүргізді. Балақай 2 сағатта табылды. Кейін 4 жасар баланың ойнап жүріп, әжесінің үйіне кетіп қалғаны анықталды. Бірақ, бұл туралы анасы білмеген. Тәртіп сақшылары Атырау қаласында із-түзсіз кеткен 6 жасөспірімнің бәрін сол күні 1-2 сағаттың ішінде тауып, отбасына қайтарды. Белгілі болғандай, жоғалған балалар ата-ана қарауынсыз қалған», - деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.

 Осыған байланысты полиция қызметкерлері ата-аналарға қырағы болып, балаларын қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертіп отыр.

Серіктес жаңалықтары