$ 515.18  570.66  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстан бойынша Қостанай мен СҚО-дағы ауыл халқы ең сапасыз су ішіп отыр

Бұл туралы бүгін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлім етті 

Қазақстан бойынша Қостанай мен СҚО-дағы ауыл халқы ең сапасыз су ішіп отыр
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда ең көп ауылы сапалы ауыз суға қол жете алмай отырған екі облыс бар, бірі Қостанай облысы, екіншісі Солтүстік Қазақстан облысы. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі. 

Министр 2025 жылға қарай Қазақстанның бүкіл өңірі 100 пайыз ауыз суға қол жеткізу керек деген президент тапсырмасын еске ала отырып, «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» атты Ұлттық жоба аясында осы мақсатты орындау үшін жұмыс жүріп жатқанын айтты.  

«Былтыр елімізде сумен жабдықтау қызметтерімен қамтамасыз ету 96 пайызды, оның ішінде қалаларда – 98,1 пайызды, ауылдарда 93 пайызды құрады. Ауылдық елді мекендерде ауызсумен қамтудың ең төменгі деңгейі Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында сақталған», -деді министр.

Серіктес жаңалықтары