Шығыс Қазақстанда омарташылар өндірістік кооперативке бірігіп жатыр

Автор: Azattyq Rýhy

Елдегі омарташылар биыл 120 тоннадан астам бал экспорттауды жоспарлапты

Фото ашық дереккөзден

Шығыс Қазақстанда омарташылар өндірістік кооперативке бірігіп жатыр. Фермерлер шаруашылықты  кеңейтіп, өнім көлемін арттырмақ, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сондай-ақ,  омарташылар бал сапасын да жақсартуды ойлайды.  Бірлескен кәсіпкерлер озық үлгідегі сұрыптау және өңдеу желілерін сатып алған.

Мәселен Алексей Қасымбаевтың ара шаруашылығы отандық нарықта көп-көрім  беделге ие. Елдегі омарташылар биыл 120 тоннадан астам бал экспорттауды жоспарлапты. Дегенмен мемлекеттің экспорт көлемін арттыруға қауқары жетеді дейді сарапшылар. Тіпті бұл ішкі  нарыққа да кері әсерін тигізбейтін көрінеді. Алайда бұған осы саладағы кәсіпкерлердің топтаспай, жекелей  жұмыс істеуі кедергі келтіріпті.

 «Шағын  ара шаруашылықтары үлкейіп,  кәдімгі өндірістік деңгейге жетіп жатыр. Сонымен қатар омарта өнімділігі артып, технологиялық мүмкіндіктері  жақсарды. Бұрын қолмен істелген жұмысты қазір автоматты құрылғылар алмастырды», - дейді омарташы Алексей Қасымбаев.