Мақпал Жүнісова қызы Мерейдің әкесі Заманбек Нұрқаділов емес екенін айтты

Azattyq Rýhy

Әнші шындықты айтқаны үшін Мерей өзін тастап кеткенін айтты

Мақпал Жүнісова қызы Мерейдің әкесі Заманбек Нұрқаділов емес екенін айтты
Фотолар: nur.kz, alashainasy.kz

Әнші Мақпал Жүнісова бүгінге дейін бағып келген Мерей Заманбекқызы туған қызы емес екенін мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әнші шындықты айтқаны үшін Мерей өзін тастап кеткенін айтты.

«Мен сіздерді Заманбек Нұрқаділов үшін өтірік алдадым. Кешіріңіздер! Мерей менің қызым емес! Ол менің туған бауырымның қызы. Мен шындықты айтқаным үшін қызым менен кетіп қалды. Өзі білсін! Біз зорлықпен алған жоқпыз қызды.

Екі баламыз түсіп қалғаннан кейін олар өздері берген. Асырап бер деп. Асырадық, Зәкең өзінің тегін берді. Енді ол қыздың алдында мен басымды имеймін. Кетсе кете берсін! Өзінің әке-шешесі бар, туған бес бауыры бар! Өлмейді, барсын! Жібердім, мен шындығымды айттым», - деді Мақпал Жүнісова.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.