Сондай-ақ 12 адам COVID-19-дан емделіп шықты
Қазақстанда өткен тәулікте 3 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР арқылы расталды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
Атап айтқанда:
Алматы қаласы - 2
Алматы облысы - 1.
Жалпы еліміз бойынша COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 1 305 551 адамға жетті.
Сондай-ақ елімізде өткен тәулікте 12 адам коронавирустан емделіп шықты.
Аймақтар бойынша атап айтқанда:
Нұр-Сұлтан қаласы - 1
Алматы қаласы - 9
Алматы облысы - 2.
Республика бойынша COVID-19 вирусынан жазылғандар саны 1 291 101 адамға жетті.