$ 499.51  525.83  4.62
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Каспий теңізінде броконьерлікпен айналысқан 109 адам ұсталды

Заң бұзушыларға 2,6 млн теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды

Каспий теңізінде броконьерлікпен айналысқан 109 адам ұсталды
Фото ашық дереккөзден

Каспий теңізінде броконьерлікпен айналысқан 109 адам ұсталды. Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ҰҚК-нің хабарлауынша, еліміздің шекара қызметі Каспий теңізінің биологиялық байлығын қорғауға бағытталған шаралар жалғасып жатыр.

«2022 жылғы 30 сәуірде ҚР мемлекеттік органдары яғни ішкі істер министрлігі және экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Ресей Федерациясының ФҚҚ шекара қызметі бірлесіп браконьерлік қылмыстардың жолын кесуге бағытталған жедел-профилактикалық шарасын өткізді. Рейдтік іс-шаралар барысында шекаралық кеңістікте 109 броконьер ұсталып, олардан 52 бірлік жүзу құралы тәркіленді», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, ресми ақпаратта заң бұзушыларға 2,6 млн теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынғаны айтылған.

«Сонымен қатар жалпы ұзындығы 300 шақырымнан астам браконьерлік аулау құралдары тәркіленді. 575 бекіре балығы және ұсақ тұқымдас 4 803 балық, сондай-ақ 43 итбалық табиғи мекеніне қайтарылды», - дейді аталған ведомстводан.

Осылайша екі елдің шекара қызметі бірлескен іс-қимыл нәтижесінде 1 млрд теңгеден астам сомадағы залалдың алдын алды.


 

 

Серіктес жаңалықтары