$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда мереке күндері ХҚО-лар қалай жұмыс істейді

ХҚО-лардың жұмыс кестесін 1414 нөміріне хабарласып нақтылауға болады

Қазақстанда мереке күндері ХҚО-лар қалай жұмыс істейді
Фото: gov4c.kz

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік мекемесі мереке күндері Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесі қандай болатынын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

1, 2 мамырда ХҚО-лар Қазақстан халқының бірлігі күніне орай жұмыс істемейді. 

3 мамырдан 6 мамырға дейін – жұмыс күндері.

Сондай-ақ Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күнінде, яғни 7, 8, 9, 10 мамырда республика бойынша ХҚО қызметкерлері үшін де демалыс болады.

«Мемлекеттік қызметтердің 96%-ын халыққа қызмет көрсету орталықтарына келмей-ақ алуға болады – олар eGov мобильді қосымшасы, eGovKzBot2.0 Telegram боты және Egov.kz электронды үкімет порталы арқылы онлайн режимінде қолжетімді», - делінген хабарламада.

Фронт-офистердің мекенжайын, мемлекеттік қызметтер туралы ақпаратты, сондай-ақ ХҚО-лардың жұмыс кестесін 1414 нөміріне хабарласып нақтылауға болады

Серіктес жаңалықтары