Қазақстанда бір тәулікте 15 адамнан коронавирус анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Сондай-ақ өткен тәулікте 14 адам коронавирус індетінен емделіп шықты

 
Фото: ТАСС

Қазақстанда өткен тәулікте 15 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР арқылы расталды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.  

Атап айтқанда:

Нұр-Сұлтан қаласы - 4
Алматы қаласы - 7
Алматы облысы - 1
Қарағанды облысы - 1
Маңғыстау облысы - 1
Солтүстік Қазақстан облысы - 1.

Жалпы еліміз бойынша COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 1 305 504 адамға жетті. 

Сондай-ақ елімізде өткен тәулікте 14 адам коронавирус індетінен емделіп шықты.

Аймақтар бойынша атап айтқанда:

Нұр-Сұлтан қаласы - 4
Алматы қаласы - 6
Шығыс Қазақстан облысы - 2
Қостанай облысы - 1
Павлодар облысы - 1.

Республика бойынша COVID-19 вирусынан жазылғандар саны 1 291 044 адамға жетті.