28.04.2022, 09:53
Жаңалықтар
Қаңтарда зардап шеккен көлік иелеріне 258 млн теңге төленді
Алматы әкімдігіне барлығы 99 өтініш түскен
Фото: kolesa.kz
Алматы әкімдігі қаңтар айындағы оқиғалар кезінде өртеніп кеткен немесе зақымданған автокөлік иелеріне 258 млн теңге төледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Әкімдікке барлығы 99 өтініш келіп түсті. Қазіргі уақытта жалпы сомасы 258 млн теңгеге 54 өтінім қанағаттандырылды. Қарауда 45 өтінім бар», - делінген ақпаратта.
Өтініштерді аудандық әкімдіктер түскен күннен бастап 1 ай ішінде қарайды. Мүлікке келтірілген залалды бағалау тіркелген күннен бастап 7 күн мерзімде белгіленеді. Оны зардап шеккендер таңдаған тәуелсіз сарапшылар жүргізеді.
Көп оқылған
04.11.2026, 17:54
Қуандық пен Сағындық: Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Қозыке әулетінің құпиясын жайып салды (ВИДЕО)
04.11.2026, 16:09
Павлодарда мектеп басшылығы екі оқушы қыздың зорланғаны туралы полицияға хабарлаған
04.11.2026, 09:00
Түркия, Оңтүстік Корея, Ресей: биыл әлемнің қай елдерінде қазақстандықтар көз жұмды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды