Қытайдың қаржы министрлігі коронавируспен күреске миллиард юань бөлді

Автор: Azattyq Rýhy

Өткен тәулікте індеттен 8 адам көз жұмған 

Фото: foreignpolicy.com

ҚХР Қаржы министрлігі Хубэй провинциясында белең алған коронавируымен күрес шараларына 1 миллиард юань бөлді. Бұл сома 145 миллион долларға тең, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі қытайлық ведомсво таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.

Өткен тәулікте Қытайдың 27 провинциясында 259 адам жұқпаға шалдығып, 8-і көз жұмған. Ресми мәлімет бойынша, вирустан қайтыс болғандар саны 25-ке жетті.

«Соңғы кездері Ухань және Хубэй провинциясының басқа аймақтарында да да короновирустің жаңа типінен болған пневмония көбейген. Аурудың алдын-алу және оның әрі қарай таралмауына төтеп беру мәселесі күрделі болып тұр», - делінген хабарламада.