Бірқатар облыста жел күшейіп, шаңды дауыл соғады
Қазақстанның жеті өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қазгидрометке сілтеме жасап.
Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында және орталығында желдің екпіні -15-20 м/с.
Атырау қаласында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні -15-18 м/с.
Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз желдің екпіні - 15-20 м/с.
Қызылорда облысының орталығында жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді. Шаңды дауыл соғады. Қызылорда қаласында жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында желдің екпіні 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с дейін жетеді. Петропавл қаласында күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Түркістан облысының таулы, тау бөктерлі аудандарда найзағай, дауыл күтіледі. Шығыстан жел соғады, найзағай кезінде желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді.
Шымкент қаласында түнде және таңертең найзағай ойнайды. Шығыстан жел соғады, найзағай кезінде желдің екпіні 15-20 м/с.